«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Хан ордасының бас қолбасшысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан өңірі ежел­ден ел тұтастығын сақтау үшін жауымен арыстанша алы­сып, ұлтарақтай жеріне дейін сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ба­тырларға, орақ тілді, от ауызды шешен-билерге кенде емес. Со­лардың бірі – қазақ хандығының қалыптасуына өлшеусіз үлес қос­қан дауылпаз жырау Қожаберген Толыбайұлы. Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданның Володар­ское ауылдық кітапха­насында өткен кеш атақты қолбасшының 360 жылды­ғына арналды.

Шараға қатысқандар жырау­дың еңбектері қойылған көрмені тамашалады. Онда жыраудың “Елім-ай”, “Баба тіл”, “Жеті Жарғы”, “Қабан­бай батыр”, “Ер Көкше”, “Асан ата”, “Ер Қосай”, “Ер Жәнібек”, “Қор­қыт баба”, “Ер Едіге”, “Орақ ба­тыр” тағы да басқа шығармалары қойылды. Осы дастандарының бә­рінде де жырау елді сыртқы жауға қар­сы азаттық жолындағы күреске ша­қырып, қазақ халқының бірігіп, ір­гелі ел болуын армандап, соны жырға қосады. Көрмеде жырау­дың туындыларынан бөлек, сол ке­зеңнің батырлары ұстаған домбы­ра мен қалқан да көрермен наза­рына ұсынылды.

Қожаберген жырау 1663 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның Жамбыл ауданының аума­ғында Күлтөбе деген жерде дү­ниеге келген. Араб, парсы тілдерін жетік білген ол әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. 1688 жылдың маусым айында Түркі­стан шаһары маңында әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары Қожабергенді ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы әрі бас ақыны етіп сайлайды. Ол қа­зақ хандығының ішкі-сыртқы сая­си хал-ахуалын жете біліп, әр-дайым өз жырларына арқау етіп отырған.

“Дабыл”, “Аңырақай”, “Бозай­ғыр”, “Күлдірмамай”, “Шұбырын­ды”, “Сұлама” күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Аты айтып тұрғандай, бұл күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезеңді суреттейді. Жырау сол кездегі халық зарын күй тілінде де сөйлете білгенін көреміз.

“Кеудеңде шыбын жаның бол­са егер, жоғалтпа жер бетінен қа­зақ атын” деп жырлаған Қожаберген жыраудың есімі көпшілікке, ең алдымен, ұлтымыздың басындағы ауыр кезеңге арналған “Елім-ай” жырының авторы ретінде жақ­сы таныс. Бұл шығарма жеті бөлімнен тұрады.

Николай ВЕРБОВСКИЙ,

Володарское ауылдық кітапханасының қызметкері.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp