«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есімі ұмытылмаса екен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мархаба Иманқұлованы мен бала күнімнен танимын. Концерттік бағдарламамен ауылымызға өнер көрсетуге келгентін. Сахна төріндегі еркін қимылы әлі күнге дейін есімде. Кейін жергілікті телеарнада режиссерлік қызмет атқарып жүрген кезде концерттерін экранға шығарғаным есімде. Ол – ерекше дарынымен республикамызға танылған өнерпаз. Осындай жанның есімі бүгінде ұмытыла бастаған сияқты.

Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі Мархаба Иманқұлова Петропавл қаласында дүниеге келген. Қала­дағы сол кездегі Ленин атындағы №1 орта мектепте оқыған. Алматыдағы эстрада-цирк студиясын би-цирк класы бойынша бітірген.

Қызылжардың биші қайыңда­ры­на ұқсап, мың бұралып, би өнерінің биік шыңына шыққан Мархаба Сә­дуақасқызының өнерін одақтас рес­публикалардағы көрермендер де жо­ғары бағалады. Көптеген ұлт­тар­дың билерін нақышына келтіріп орын­дай білген өнерпаз Белорусь, Эстония, Латвия елдерінде және Ре­сейдің Ле­нинград шаһарында өнер көрсеткен.

Жас кезінде солтүстік өңірдің бар­лық ауылдарын гастрольдік сапар­лармен аралап, өнерімен жұртшы­лық­тың көзайымы болған. Петро­павлға жұмыс барысымен келген ба­лет майталманы Людмила Камская жас қыздың бойынан үлкен талантты байқап, өнерге баулығаны да белгілі.

Мархаба Сәдуақасқызы 1959 жы­лы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәс­кеудегі онкүндігіне қатысып, Үлкен театрдың сахнасына шыққан. Шара Жиенқұлова құрған ансамбль­дің құ­ра­мында өнер көрсетіп, үлкен мек­теп­­тен өтіп, талапты шәкіртте­рі­нің бі­рі са­налған. Бірнеше медаль­мен ма­рапатталған. Мархаба Иман­құ­лова­ға 1991 жылы Петропавл қа­ласының құрметті азаматы атағы берілді.

Мархаба Иманқұлова – қазақ би өнеріне сіңірген еңбегі және абы­рой­лы қызметімен есімі тарихта қала­тын, келер ұрпақ құрмет тұтуға ла­йықты жан. Өкінішке қарай, атақты бишінің кіндік қаны тамған жерде оның есімін асқақтататын ешбір белгі жоқ. Оның есімімен Петропавлдың бір көшесін атаса немесе шығарма­шылық ұжымдардың біріне есімі бе­рілсе, артық етпес еді. Заманында өнерімен жұртшылықты сүйсіндірген жанды кейінгі ұрпақ біліп жүргені абзал. Сондықтан дара туған жан­ның аты-жөнін жадымыздан өшірмес үшін оның кім екенін паш ететін бір нысанның болғаны жөн деп ойлай­мын.

Баян БАЙМҰҚАНОВА,

телевизия саласының ардагері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp