«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас каратэшілер жеңісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдің Кемерово қаласында кекушинкай каратэден “Азия балалары – 2023” халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі жарыста жалпыкомандалық есепте ел құрамасы үшінші орынға ие болды.

“Азия балалары – 2023” турни­ріне 6 мен 17 жас аралығындағы 575 спортшы қатысты. Ұлттық құ­рама сапында ел намысын Солтүс­тік Қазақстан облысы мен Алматы қаласының каратэшілері қорғады. Қоржынға 7 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль түсті.

– Біздің облыстың спортшыла­ры “кумите” бағдарламасында қар­сыластарынан мықты болды. Солтүстікқазақстандық каратэшілердің еншісінде 7 алтын, 5 күміс пен 2 қола медаль бар. Тағы 1 күміс пен 1 қола жүлдені алматылықтар қор­жынға салды, – дейді “Бүкіл қазақ­стандық кекушинкай каратэ ұйымы” облыстық филиалының директоры Владимир Витченко.

Ұлдар арасында алтын жүлдені Эрик Данат, Иван Заика, Әмір Әнуаров, Богдан Митрофанов, Данияр Балтабаев қанжығасына байласа, күміс медальдарды Дарын Исин, Радмир Данилов, Алексей Ахатов пен Никита Усатенко иеленді.

Қыздар арасында алтын ме­даль­дарға Алина Сейтенова мен Та­мила қол жеткізді. Ал күмісті Алек­сандра Заикина еншіледі. Сондай-ақ өз салмақтарында Дархан Исин мен Милана Шалаева қола жүлде­гер атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp