«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мағжанның портреті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – жыр әлеміндегі жарық жұл­дыз Мағжан Жұмабаевтың порт­реті. Оны қорға Қазақстан Республика­сы Мәдениет министрлігінің “Мә­дениет қайраткері” белгісінің иеге­рі Разипа Алпысбайқызы Тәженова құрметті демалысқа кетерінде сыйға тартыпты (6 желтоқсан, 2021 ж.).

Разипа апамыздың айтуынша, М.Жұмабаевтың бұл суретін Су­рет­шілер одағының мүшесі Ма­ғауия Аманжолов ақынның 100 жыл­­дығына орай тапсырыспен сал­ған екен. Той өткен соң банк ди­рек­торы Төлепберген Баязит­ұлы Тілегенов: “Мағжанды жақсы кө­ресің. Шығармаларын зерттеп жүрсің!” – деп Р.Тәженоваға сый­лапты.

Разипа Алпысбайқызының ең­бек өтілі 47 жыл, оның ішінде 40 жы­лын мәдениет саласына, 28 жы­лын музей ісіне арнаған. 1993 жыл­дан зейнет демалысына шыққанға дейін облыстық музей бірлестігі­нің әдеби бөлімін басқарған.

Ал шығарма авторы Мағауия Аман­жоловқа келсек, ол белгілі суретші, 1949 жылы Қарағанды облы­сындағы Қарқаралыда туған. Кезінде оның “Жайлау”, “Досымның портреті”, “Ақшамдағы май­шам”, “Ақтабан шұбырынды”, “Уа­қыт үстемдігі”, “Тауға тоймаймын” және басқа картиналары, сондай-ақ А.Құнанбаев, М.Әуезов, О.Сүлейменов, Б.Төлегенованың портрет­тері мамандар тарапынан жоғары баға алған. 1994 жылы суретшінің “Дала дидары” үштағаны Мем­ле­кеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Бұдан кейінгі тағдыры көмескі. 1995 жылы 46 жасында із-түс­сіз жоға­лып кетіпті. Суретші картиналары от­басында, мұражайлар мен театр­ларда сақталу­да. Үш қызы: Құ­ралай, Еңлік, Әйге­рім – әке жо­лын қуған бейнелеу өне­рінің ма­мандары. М.Аманжолов КСРО суретшілер ода­ғына жастай қабылданып, Мәскеу көрмелеріне бірнеше мәрте қа­тысқан.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp