М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде бейіндік магистранттардың алғашқы қоштасу кеші өтті. Түлектердің барлығы жұмыс істейтін мамандар, олар үшін магистратурада оқу – мансап жолының жаңа сатысы.
Өткен жылы университеттің мамандандырылған магистратураны ашу туралы бастамасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау тапты. Инженерлік және агротехнологиялық бағыттарға гранттар бөлінді. Осылайша 16 адам жаңа үлгідегі дипломға ие болды. Магистранттар агротехнология және инженерлік-сандық факультеттерінің бағдарламалары бойынша даярланды.
Шарада түлектер білім алуға, негізгі жұмыстарын оқумен ұштастыруға мүмкіндік бергені үшін оқу ордасының басшылығына алғыстарын білдірді.
Айнұр АЗБЕК,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.