«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауруханаға жеткізуге көмектескен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жылдам әрекет етіп, көмек көр­сеткендеріңіз үшін алғысымыз шек­сіз. Біз сіздерге ризамыз”. Осындай алғыс сөздер патрульдік полиция батальонының қызметкері Ерқанат Еркіновке “WhatsApp” мессенджері арқылы келіп түскен. Ол жексенбі күні жанындағы серіктесі Асиман Мирзоевпен бірге “Челябі – Новосі­бір” автожолында жол қозғалысын бақылап жүрген. Осы жол­дың 537 шақырымында “Chevrolet Aveo” көлігін жүргізіп келе жатқан Қы­зылжар ауданындағы Пеньково ауы­лының тұрғыны полицейлерден кө­мек сұраған. Ол жүрегі қатты қысып, ауырған ауылдасын ауруханаға жеткізе алмаудан қорыққан екен. По­лиция шетелдік көліктің алдына тү­сіп, жарқылдауық шамдары мен да­былқаққышын қосып, діттеген жер­ге бет алған.

Медициналық көмекке мұқтаж 43 жастағы ер адам жедел түрде кар­диологиялық орталыққа жет­кізіліп, оған уақтылы дәрігерлік көмек көр­сетілген. Қазір тиісті емін алған аза­мат отбасымен бірге.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp