Апаттылықты азайту, ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін жол-көлік оқиғаларын болдырмау. “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде полицейлердің алдына осындай міндеттер қойылды. Күшейтілген тексерулердің нәтижесінде бес күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды. Қазір тәртіп бұзушылар әкімшілік қамау түріндегі жазаларын өтеп жатыр және келесі жеті жыл ішінде оларға көлік жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ тексеру барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың алты фактісі анықталды. Полицейлер ескерткендей, жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысу үшін рұқсат құжаттары болуы қажет.
Өз өмірлерін қатерге тігіп қана қоймай, жолда апатты жағдай туғызуға шақ қалған 292 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көлік басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші анықталды. 122 адам жылдамдықты асырғаны үшін, 2 адам жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жазаланды. Жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде облыста жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1880 фактісі анықталды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.