Назарбаев зияткерлік мектебінің үш оқушысы – Олжас Құсайын, Нұрсат Керей және Айсана Басағаринова Азия құрлығының үздік жоғары оқу орындарының гранттарын иеленіп, City University of Hong Kong (CityU) университетін таңдады. Гонконг қалалық университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде (World QS Ranking) 54-ші, университеттердің Азиялық рейтингінде 23-ші орында. Ғылыми-зерттеу үрдісі жағынан да әлемдік деңгейде қарқынды дамып келеді. Олжас электр инженері, ал Нұрсат биоинженер болуды армандайды.
“Университет жоғары академиялық стандарттарымен ерекшеленеді әрі онда шетелдік студенттердің үлесі жоғары. Electrical and Electronic Engineering факультеті Гонконг пен Азияда алдыңғылар қатарында”, – дейді Нұрсат.
Айсана Гонконг Қытай университетінің (Тhe Chinese University of Hong Kong) грантын жеңіп алды. Бұл оқу орны университеттердің әлемдік рейтингінде 38-ші орында тұр. Сонымен қатар Азияның үздік 12 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.
Бүгінгі таңда Гонконг университеттерінде 3 түлегіміз оқиды. Екеуі – Hong Kong Polytechnic University-нің студенті, тағы біреуі Hong Kong University-де білім алуда.
Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА.