«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үш оқушы грант иегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев зияткерлік мектебі­нің үш оқушысы – Олжас Құсайын, Нұрсат Керей және Айсана Басаға­ринова Азия құрлығының үздік жо­ғары оқу орындарының гранттарын иеленіп, City University of Hong Kong (CityU) университетін таңдады. Гон­конг қалалық университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтин­гінде (World QS Ranking) 54-ші, университеттердің Азиялық рейтин­гінде 23-ші орында. Ғылыми-зерт­теу үрдісі жағынан да әлемдік дең­гейде қарқынды дамып келеді. Ол­жас электр инженері, ал Нұрсат биоинженер болуды армандайды.

“Университет жоғары академия­лық стандарттарымен ерекшеле­неді әрі онда шетелдік студенттер­дің үлесі жоғары. Electrical and Electronic Engineering факультеті Гонконг пен Азияда алдыңғылар қатарында”, – дейді Нұрсат.

Айсана Гонконг Қытай универ­си­тетінің (Тhe Chinese University of Hong Kong) грантын жеңіп алды. Бұл оқу орны университеттердің әлемдік рейтингінде 38-ші орында тұр. Сонымен қатар Азияның үздік 12 жоғары оқу орнының қа­тарына кіреді.

Бүгінгі таңда Гонконг универси­теттерінде 3 түлегіміз оқиды. Екеуі – Hong Kong Polytechnic University-нің студенті, тағы біреуі Hong Kong Uni­versity-де білім алуда.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp