«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас жүргізушілер азаймай тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Апаттылықты азайту, ауыр зар­даптарға алып келуі мүмкін жол-кө­лік оқиғаларын болдырмау. “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде полицейлердің ал­дына осындай міндеттер қойылды. Күшейтілген тексерулердің нәти­же­сінде бес күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды. Қазір тәртіп бұзушылар әкімшілік қамау түріндегі жазала­рын өтеп жатыр және келесі жеті жыл ішінде оларға көлік жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ тексе­ру барысында жолаушыларды заң­сыз тасымалдаудың алты фактісі анықталды. Полицейлер ескерткен­дей, жолаушыларды жеке тасымал­даумен айналысу үшін рұқсат құжат­тары болуы қажет.

Өз өмірлерін қатерге тігіп қана қоймай, жолда апатты жағдай ту­ғызуға шақ қалған 292 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Соны­мен қатар, көлік басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші анықталды. 122 адам жылдамдықты асырғаны үшін, 2 адам жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жаза­лан­ды. Жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде облыста жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1880 фактісі анықталды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp