«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төрт мектеп бой көтереді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Samruk-Kazyna Construction” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесіп, екеуара әңгіме барысында білім беру саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Бүгін “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездестім. “Samruk-Kazyna Construction” – еліміздегі “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын жүзеге асырудың бірыңғай операторы. Ұлттық жоба аясында Петропавл қаласының шағынаудандарында төрт мектеп салу жоспарлануда. Биыл екі мектептің құрылысы басталады. Кездесуде ұлттық жобаны жүзеге асыру және мектептердің құрылысына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды”, – деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp