«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ӘМІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық брейк-данс шебері Әмір Закиров Жапонияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. “Breaking for Gold” деген атаумен ұйымдастырылған жарыста топ жарған жерлесімізге облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтау тілегін жолдады.

Өңір басшысы әлеуметтік желіде ел абыройын асқақтатқан оның өнеріне тәнті болғанын жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

– Әмір Закиров Жапонияда өткен брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Оны беделді жарыстағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Қазір жерлесіміз 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалуда. Әмірдің Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне тілектеспін, – деп жазды Айдарбек Сапаров.

“Breaking for Gold” брейк-данс турниріне әлемнің 48 елінен 180-ге жуық өнерпаз қатысты, оның – 99-ы жігіт және 81-і нәзік жандар. Әмір Нидерландыдан келген төрт дүркін әлем чемпионы “Menno” мен канадалық чемпион “Phil Wizard” лақап атымен танымал брейк-данс шеберлерінен басым түсті. Былтырғы дүниежүзілік біріншіліктің финалисі жапондық “Shigekix”-ті де жеңгенін айта кеткен жөн.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp