«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлемнің жарығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапха­нада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған “Шын көңілден” атты мерекелік іс-шара өтті. Оны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Шарада аға буын өкілдері нәзік жандарды мерекелерімен құттық­тап, Отанның ұйытқысына, отбасы­ның берекесіне айналған ақ жау­лық­ты аналарға мықты денсаулық, ба­қыт пен шаттық тіледі.

Кеште ардагер ұстаздар – Қым­бат Исманова, Айгүл Сарбасова, Ва­лентина Русина, Аққайың ауда­нының Астрахан ауылындағы бас­тауыш ардагерлер ұйымының тө­райымы Светлана Қасымова мен Тайынша аудандық ардагерлер ұйымын он жылдан аса басқарған еңбек арда­гері Нина Поповаға құрмет көр­сетілді. Мерекені ұйымдастырушылар ардақты аналардың иықтарына ақ орамал жауып, гүл шоқта­рын сый­лады.

Ардақты жандарды есімдері өңі­рімізге белгілі өнер иелері жү­рек­ті тербетер көркем әуендерімен құт­тықтады. Өнер көрсеткендердің қа­тарында Дәмеш Құрманкина, Бір­жан Есжанов, Алма Банных, Мұрат Бекжанов, Юлия Стадухина және X Factor музыкалық жобасының жеңімпазы Махамбет Әбілда болды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp