8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен бірге Петропавл қаласының көрікті орындарын аралады.
Олар ең алдымен қаладағы сауда орталықтарына барып, балаларға сәнді киім сатып әперді. Содан кейін қыздарға кәсіби шаш үлгісі жасалды. Орталық тәрбиеленушілері сән мектебінің өкілдерімен кездесіп, фотопозинг бойынша шеберлік сағатына қатысты. Суретке түсірудің қыр-сырына қаныққан оларды Петропавлдың ең үздік фотографтарының бірі фотосессияға шақырды. Бұл шарадан ұл балалар да қалыс қалмады. Күндерін қызықты өткізген балалар тәтті тоқаштар толы дастарқан басына жиналып, қыздарға бағалы сыйлықтар мен гүлдер табысталды.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.