8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық полиция қызметкерлері спорттық-қолданбалы эстафетадан сайысқа түсті. Эстафетаға облыстық полиция департаменті аппаратының және оның ең ірі бөлімшесі – Петропавл қаласының полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар кедергілер арқылы жүгіріп, мылтықты құрастырудан және бөлшектеуден жылдамдықтарын көрсетті. Офицер қыздардан ептілік, төзімділік, табельдік қарумен жұмыс істеу қабілеті талап етілді.
Үздік нәтижені облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкері Татьяна Долбышева көрсетті. Екінші және үшінші орындарды мамандандырылған және мобильді дайындық басқармасының қызметкері Серафима Окишева және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Зарина Попова иеленді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.