“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ-нің “Азаматтық бастамаларды дамыту” бөлімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық “Аналар – асыл жандар” онлайн фототүсірілім байқауын өткізді.
Байқаудың шарты бойынша талапкерлерден ананың шаңырақтағы орны мен рөлін көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау және баланың анаға деген сезімін жеткізу талап етілді.
Анасына деген сүйіспеншілігін, құрметін көрсеткісі келген жеткіншектер аз болған жоқ, қатысушылар саны жүзден асты. Жас суретшіге қойылған талаптарды орындаған үміткерлердің еңбегі жоғары бағаланып, жеңіс биігінен көрінді. Бірінші орынға Аққайың ауданындағы Полтавка орта мектебінің оқушысы Алексадра Пактың шығармашылық ізденісі лайық деп ұйғарылды. Екінші орынды – Мамлют қазақ мектеп-интернатының оқушысы Ерлан Төліпбаев, үшінші орынды Қызылжар ауданының Байтерек ауылындағы мектептің оқушысы Інжу Нұрболат жеңіп алды.
Жеңімпаздар арнайы сыйлық және дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыға сертификат табыс етілді.
Жұлдыз ТОҚТАРҒАЗЫ,
“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ”
Азаматтық бастамаларды дамыту бөлімінің маманы.