Мұржасы күлге толған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықаралық әйелдер күнінде облыста үш өрт оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Петропавлда, біреуі Аққайың ауданында орын алды.

Наурыздың 8-і өрт сөндіру қыз­метінің мамандары күшейтілген ре­жімде жұмыс істеді. Облыстық тө­тенше жағдайлар жөніндегі депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, оқыс оқиғалар тұрғын­дардың қарапайым сақтық ереже­лерін елемеуінен орын алған.

Құтқарушылардың жедел әре­кеті нәтижесінде зардап шеккен­дер мен адам өлімі тіркелмеді.

Мереке күні көміртегі тотығы­мен улану фактісі де тіркелді. Оқи­ға Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данның орталығында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде орын алған.

Наурыздың 8-і күні шамамен сағат 02:52-де ауданның орталық ауруханасына 1976 жылы туған әйел мен 1977 жылғы ер азамат жет­кізілді. Дәрігерлер олардың көміртегі тотығымен уланғанын айт­ты. Екеуі де ауруханаға жатқызы­лып, қажетті ем-дом қабылдады. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, науқастар үйлеріне жіберілді.

Мамандар үйді тексеру кезін­де жылыту пешінің мұржасы күлге толы екендігін анықтады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp