«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 10, 2023

Ұлтын сүйген ұлы жүрек

Алаштың ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан” көрмесі салтанатты түрде ашылды. Мағжан ақынның шығармашы­лығы сан алуан және көпқырлы. Ол орыс, араб, парсы, сонымен қатар ежелгі түркі тілдерін еркін меңгер­ген. Ақын Уфадағы “Ғалия” медре­сесін тамамдап, Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен, Мәскеудегі Жоғарғы …

Ұлтын сүйген ұлы жүрек Read More »

Адам өміріне қауіпті

Өңірде былтыр улы хими­кат­тар қоймаларына 11 тексе­ру жүргізіліп, тиісті талапты бұзғандарға жалпы сомасы 2 млн. теңгеге жуық айып­пұл са­лынды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық ба­қылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Санитар дәрігерлердің айтуынша, былтыр пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды уақытша сақтауға арналған 38 қойма мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының бақылауында болды. Адамдардың улануына жол бермеу мақсатында улы химикаттар …

Адам өміріне қауіпті Read More »

Мұржасы күлге толған

Халықаралық әйелдер күнінде облыста үш өрт оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Петропавлда, біреуі Аққайың ауданында орын алды. Наурыздың 8-і өрт сөндіру қыз­метінің мамандары күшейтілген ре­жімде жұмыс істеді. Облыстық тө­тенше жағдайлар жөніндегі депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, оқыс оқиғалар тұрғын­дардың қарапайым сақтық ереже­лерін елемеуінен орын алған. Құтқарушылардың жедел әре­кеті нәтижесінде зардап шеккен­дер мен адам өлімі тіркелмеді. Мереке күні …

Мұржасы күлге толған Read More »

Браво, Варвара!

Ресей Федерациясының Кемерово қаласында өткен қысқы спорт түрлерінен ІІ “Азия балалары” ойындары өз мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің намысын қорғаған петропавлдық конькиші Варвара Глухова алтыннан алқа тағынды. Варвара Глухова конькимен жүгі­ру спортымен 10 жылдан бері айна­лысып келеді. Бұған дейін де түрлі жа­рыстарда облыстың намысын қор­ғаған бойжеткен спорт шеберіне үміткерлердің қатарында. Кемеро­вода өткен Азия чемпионатына ол …

Браво, Варвара! Read More »

“Болашақ тергеушіге апарар жол”

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің болашақ заңгерлері облыстық полиция де­партаментінде болды. Тәртіп сақшылары оларға қылмыс орнында заттай дәлелдемелер жинау жұмыстары қалай жүргізілетінін көрсетіп, тергеу процесінің ерекшеліктерімен таныстырды. Экскурсия алаңы – жедел-криминалистикалық басқармасының полигоны. Мұнда нақты заттар мұ­ражайы, сонымен қатар практикалық сабақтарға арналған экспонаттар бар. Тәжірибелі криминалистердің бірі Александр Хлевов оқу ор­дасының үшінші курс студенттерін қару-жарақтың …

“Болашақ тергеушіге апарар жол” Read More »

ӨҢІР ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

Республикалық бюджет комиссиясы Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін таратуға 100 млрд. теңге бөлуді мақұлдады. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте аталған қаражатты тауарлы-сүт фермаларын салу жобаларын қаржыландыруға жұмсау ұсынылды. Облыс тәжірибесі негізінде елімізде озық жобаларды іске асыру жоспарланған, ондағы басты мақсат – ішкі нарықты …

ӨҢІР ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ Read More »

Тіршіліктің ажары

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні “Жастар” сарайының іші ерекше жайнап кетті. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров түрлі салада талмай қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Бүгінде мемлекет тарапынан отбасындағы бақыт пен берекенің бастауы, мейірімділік пен парасаттың мәйегі болып отырған әйелдерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, ана мен баланың денсаулығын жақсартуға айтарлықтай көңіл бөлінуде. – Сіздердің …

Тіршіліктің ажары Read More »

ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының 101 жастағы тұрғыны Валентина Волкодавтың үйіне барып, еңбек ардагерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Өңірімізде көзі тірі санаулы ғана майдангер қалса, солардың бірі – 19 жасында соғысқа аттанған Валентина Волкодав. Ол замандастары қатарлы қолына қару алып, миллиондаған адамның арманына айналған Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Сұрапыл соғыстың ортасында …

ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ Read More »