«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тісті де тегін емдете аласыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры” облыстық филиалы Петропавл қаласының стоматоло­гиялық клиникаларына баспасөз турын ұйымдастырды. Шарада тұр­ғындарға міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру аясында тегін стоматологиялық көмек алу жайы түсіндірілді.

2023 жылы 26 ұйым халыққа сто­матологиялық көмек көрсетеді. Олар­дың қатарында мынадай 18 мем­лекеттік және 8 жеке клиника бар: “Кенжетаев клиникасы”, “Юди-дент”, “МД-дент”, “Данара”, “Стома­то­логия”, “Рус-дент”, “Рус-дент плюс”, “Денсаулық” және тағы басқа­ла­ры. Облыста және бүкіл Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым­дардың тізімін fms.kz ресми сайтынан табуға немесе емхананың өзінен білуге болады.

– МӘМС жүйесіндегі стоматоло­гиялық қызмет әзірге барлығына бір­дей қолжетімді емес. Олардың қыз­метін халықтың белгілі бір әлеумет­тік осал санаттары ғана пайдалана алады. Күнделікті стоматологиялық көмек балалар мен жүкті әйелдерге ғана көрсетіледі. Жедел ауырсыну кезінде дәрігердің көмегіне зейнет­керлер, мүгедектер және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, соның ішінде мүгедек ба­лалар немесе бірінші топтағы мүге­дектер, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар науқастар, көп балалы аналар, атаулы әлеумет­тік көмек алушылар жүгіне алады. Бұл ретте стоматоло­гия­лық қызметті пайдалану үшін жолдама алудың қажеті жоқ, – дейді “Әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қоры” об­лыс­тық филиалының директоры Лариса Гордеева.

Стоматологиялық клиникалар ам­булаториялық негізде консульта­циялық-диагностикалық қызметтер­ді ұсынады. Мұнда пломба қойдыр­туға, анестезия алуға болады. Со­нымен қатар стоматологиялық кө­мек қажетті құрал-жабдықтар мен мамандары бар тіркеме орнындағы емханаларда да көрсетіледі. Ал мұн­да тек осы емханаға тіркелген аза­мат­тар ғана емес, басқа жерде тір­кел­гендер де медициналық көмек ала алады. Ол үшін тізілім арқылы кез­десуге жазылу керек.

Медициналық көмек толық көр­сетілмеген немесе бас тарту болған жағдайда емхананың пациенттерді қолдау қызметіне немесе Медици­налық сақтандыру қорына хабарласу қажет.

– Біз медициналық сақтандыру қоры есебінен 18 жасқа дейінгі бала­ларға және жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, зей­нет­керлерге, 1, 2 және 3 топтағы мү­гедектерге, “Күміс алқа” және “Алтын алқа” иегерлеріне, атаулы әлеумет­тік көмек алушыларға “Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтан­дыру туралы” Заңға сәйкес тегін қызмет көр­сетеміз. МӘМС жүйесінде жос­парлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге көрсетіледі. Олар анес­тезия, терапевтік қабылдау, пульпит, периодонтит, гипоплазия, флюороз ке­зінде тістің анатомиялық форма­сын толық функционалды қал­пына келтіру, тісті жұлудың хирур­гиялық әдістері, еріннің, тілдің фре­нальды бөлігінің пластикалық хи­рургиясы, жақ рентгенографиясы және анес­тезия сияқты қызметтерді жоспарлы түрде ала алады, – дейді “Облыстық стоматологиялық емха­на” директо­рының орынбасары Еле­на Алишева.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp