Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Евгений Павлов кәсіпқой рингте кезекті рет жеңіске жетті. Бұл жолы жерлесіміз техникалық нокаутпен мексикалық боксшы Хуан Карлос Мирелесті тізе бүктірді.
Евгений Павлов Мексиканың Мехикали қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Екінші жеңіл салмақта сынға түскен жерлесіміздің мексикалық Хуан Карлос Мирелеспен жекпе-жегі 8 раундқа жоспарланғанымен уақытынан бұрын аяқталды. Петропавлдық спортшы қарсыласын техникалық нокаутпен екінші раундта ұтты. Осылайша жерлесіміз “WBA International” тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап, кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.
Евгений Павлов екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион Сауль “Канело” Альвареспен бірге жаттығып жүргенін айта кеткен жөн.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.