«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУ ТОБЫ АУДАНҒА АТТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы құрылған тобы су тасқынының ал­дын алу үшін Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданға аттанды. Ве­домство бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, су тасқынымен күрес тобына жеке құрамнан 23 адам кірген, сондай-ақ қауіпті аймаққа жол талғамайтын көліктер мен жүзу құралдары жі­беріліпті.

“Мұндай іс-шара жылда көктем­де қолға алынады. Біз облыстың су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтарына осылай құтқару тобын жасақтап жібереміз. Жалпы де­пар­тамент жанынан 9 топ құрылды. Олардың екеуі алдағы уақытта Тимирязев және Айыртау аудан­дарына бармақ. Көктемгі су тасқы­нына қатысты жағдайды үнемі на­зарда ұстап отырмыз”, – дейді ол.

Департамент мамандары 27 наурызда Ғабит Мүсірепов атын­дағы және Айыртау аудандарында су қоймаларында мұзды жару жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Өзендердің сағасы тазартылып, елді мекендердің көшелеріндегі қар сыртқа шығарылған, аулалардағы су сорылған.

Облыста 1,5 мыңға жуық тұрғыны бар 42 елді мекенді су басу қаупі бар. Ал жалпы өңірде 6 мыңнан астам тұрғыны бар 85 елді мекен, соның 30-ы өзен деңгейінің көтері­луінен, 13-і көл суының та­суы­­нан, 42-сі еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін.

Биыл Есіл өзені бассейніндегі су қоры жылдағыдан 69 пайызға жоғары. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қазіргі уақытта елді ме­кендерден қар сыртқа шыға­рылып жатыр. Ал су тасқыны бола қалған жағдайда жедел әрекет ету үшін 500-ге жуық адаммен, 135 техника әзірленген.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp