Астана қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде балуандар грек-рим күресінен сынға түсіп, жерлесіміз Аманғали Бекболатов қола жүлдегер атанды.
Солтүстікқазақстандық балуан 55 килограмм салмақ дәрежесінде белдесті. Алғашқы жекпе-жегінде үндістандық қарсыласынан 6:4 есебімен жеңілсе, жұбаныш белдесуінде Қырғызстан елінің өкілінен басым түсті. Ал үшінші орын үшін таласта қытайлық балуанды жеңіп, қола медальді еншіледі.
Жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама қоржынына төрт жүлде түсті, оның біреуі – күміс, үшеуі – қола.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.