Өткен сенбі облыс орталығындағы “Жастар” стадионында жергілікті “Қызылжар” мен “Атырау” командалары арасында матч өтті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды матчтың 65 минутында пенальтиден Хосе Витор Родригес соқты.
– Бүгінгі ойын біз үшін қиын болды. Өйткені қарсыластарымыз өткен турдағы жеңілісінен кейін барын салып ойнады. Оның үстіне біздің көш бастап келе жатқанымыз жауапкершілікті арттыра түсті. Алаң иесі болғандықтан жанкүйерлерге қуаныш сыйлағымыз келді. Ақыры айымыз оңынан туып, жеңіске жеттік. Команда бұдан әрі де жанкүйерлерін қуантуға тырысады, – деді матч соңында жартылай қорғаушы Евгений Березкин.
Бес турда 15 ұпай жинаған “Қызылжар” турнирлік кестеде бірінші орында келеді. Келесі ойынды 16 сәуір күні “Ақсу” командасына қарсы өткізеді.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.