Петропавл қаласындағы Ж. Қизатов көшесінде “Yutong” маркалы автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 16 жасар қызды қағып кетті.
Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына “жедел жәрдем” бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз түрлі дене жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсетті.
Қазіргі уақытта полицейлер жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинауда.
Әсет ҚАНАФИН.