«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бюджет толыға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс екінші сессиясы өтіп, оның жұмысына өңір басшысы Айдарбек Сапаров қатысты.

Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе – 2022-2024 жыл­дарға арналған облыстың бюджетін бекіту туралы шешімге толықтырулар енгізу жайында бол­ды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндады.

Биыл республикалық бюджет­тің нақтылануынан кейін облысқа 40070 млн. теңге, оның ішінде білім беру саласына 796,1 млн. ал мек­тепке дейінгі мекемелер педагогта­рының еңбекақысы үшін 474,5 млн. теңге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің шәкіртақысын ұлғайтуға 321,6 млн. теңге бөлінген.

“Ауыл – ел бесігі” бағдарлама­сы шеңберінде жүзеге асырылатын 14 жобаға 3443 млн. теңге мақсатты трансферт қарасты­рылған. “Биз­нестің жол картасы – 2025” бағдарламасы аясында 4 жо­ба қол­дау тауып отыр. Бұған жұм­са­латын қаржы – 936,1 млн. теңге. Сол сияқ­ты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, жылу жүйе­сін дамыту, сапалы ауыз­сумен қамту жобаларын іске асыруға 8122,9 млн. теңге бағытталмақ. Бұдан бө­лек, сессия барысында бірқатар басқар­малар облыстық мәслихат­тың бұған дейінгі шешімдеріне өз­герістер енгізу туралы ұсыныста­рын жаса­ды. Мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын мұқият тыңдаған халық қалаулылары айтылған ұсы­ныстарды бір ауыздан қолдады.

Сессия отырысына қатысқан об­лыс әкімі Айдарбек Сапаров рес­публикалық, облыстық бюджеттен қаражаттың жеткілікті түрде бөлініп отырғанын айта келіп, тиімді жұмсау жолдарын қарастыруды, мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы ор­гандармен бірлесе отырып, жүзеге асырылатын іс-шараларды бақылауда ұстап, уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі керектігін атап көр­сетті.

Сессияда облыстық мәслихат­тың депутаты Ерлан Алпысов Бескөл кентінде орналасқан “Құлагер” ипподромын жекеменшіктен алып, мемлекет иелігіне беру жөнінде ұсы­ныс айтты.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp