«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көші-қонды қолдаудың жол картасы әзірленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облысқа жұмыс күші ар­тық өңірлерден 2660 адамды және 138 қандасты көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестiру және әлеу­меттiк бағдарламалар басқарма­сының басшысы Ринат Елжасов өңірлік коммуникациялар қызметі де өткен баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ азаматтардың же­келеген санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Былтыр квотаға сәйкес өңірімізге 2556 адам немесе 681 отбасы көшіп келген. Еңбекке қабілетті 974 адамның 820-сы жұмысқа орна­ластырылыпты.

– 652 адамға тұрақты жұмыс орны табылса, 168 адам кәсіпкер­лікпен айналысуға бел буды. Оның ішінде 111 азаматқа 136 млн. теңге қайтарымсыз грант пен несие берілді. Келгендердің 1252-сі – бала. Араларында 66 студент пен 63 зейнеткер бар. 201 әйел бала күтімі бойынша демалыста отыр, – деді Ринат Елжасов.

Бағдарлама биыл да жалғасын таппақ. Бүгінгі таңда қоныс аудару­шыларды қабылдайтын елді мекен­дердің тізімі бекітілген. Келген азаматтарға материалдық көмек көрсету, оның ішінде көшуге және тұрғын үйді жалға алуға субси­дия­лар төлеу тетіктері қарастырылған. Тұрғын үй сатып алу немесе құ­рылыс жүргізу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты не болмаса 4 млн. теңгеге дейінгі мөл­шер­де ипотекалық тұрғын үй қарыз­дары бойынша бастапқы жарна беріледі.

Жыл басынан бері облысқа 148 отбасы, яғни 483 адам қоныс аудар­ған. Олардың 3 пайызы – Астана қаласынан, 26 пайызы – Түркістан облысынан және 11 пайызы – Шым­кент қаласынан келген.

Шетелдерден көшіп келіп жат­қан қанқандастарымыз да аз емес. Биыл 25 отбасы Қызылжар өңіріне көш басын бұрыпты. Дәлірек айт­сақ, Ресейден 18 отбасы, Моңғо­лиядан 3 отбасы, Ираннан 2 отба­сы, Өзбекстаннан бір отбасы және Қырғызстаннан бір азамат солтүс­тік­қазақстандықтардың қатарына қосылды.

– Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігімен бірлесіп 2023-2025 жылдарға арналған қо­ныс аудару­ды ынталандыру жөнін­дегі жол кар­та­сы әзірленді. Жол кар­тасы ая­сын­да 3 жыл ішінде мем­лекеттік қолдау ша­раларын көрсете отырып, 8 мың­нан астам адамды көшіру жос­пар­лан­ған. Осы жылдар ішінде бар­лы­ғы 3 мыңнан астам жаңа жұмыс ор­нын құра отырып, 11 инвести­циялық жо­баны іске асыру міндеті тұр, – де­ді басқарма бас­шысы Ри­нат Елжасов.

Өз ісін дөңгелеткісі келетін азаматтарға да мүмкіндік кеңейген. Басқарма былтырдан бастап “Бас­тау-Бизнес” кәсіпкерлікке оқы­ту курстарын онлайн-режімде ұйым­дастырып жатыр. Оқуды сәтті аяқтағандар қайтарымсыз грант немесе несие алады. Үстіміздегі жылы грант мөлшері 1 млн.380 мың тең­геге жетті.

Басқарма мамандарының көме­гімен былтыр 605 адам жұмысқа тұрғызылса, 444 адам тұрақты жұ­мыс орнын тапқан. 97 адам уақыт­ша жұмысқа орналасыпты. Курстар мен оқытудан 19 адам өтті және бизнес-идеяларын іске асырғысы келген 45 азамат аз қамтылғандар са­натында грантқа ие болды. Атау­лы әлеуметтік көмекті былтыр 8914 адам алса, биыл 9700 азаматқа берілмек. Бұл мақсатқа 787,3 млн. теңге қарастырылған. Бұл – табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар санын азайтудың амалы.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp