«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Евгенийдің ерлігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ауыр қылмысты ашуға көмектескен Петро­павл қаласының тұрғынын Алғыс хатпен марапаттады.

Оқиға былай болған: өткен жыл­дың қазан айында Евгений Рос­товский домофонға кімнің қоңырау шалғанын білу үшін пәтерінен шық­қан. Ол кіреберістен қансыраған, ес-түссіз адамды көтеріп әке­ле жатқан екі жігітті көреді. Евгений олардан полицияға хабар берілген-берілмегендігі туралы сұраған. Жауап болмағаннан кейін дереу “102” нөміріне қоңырау шалып, кезекшіге шұғыл медициналық көмек қажет екендігін ескертіпті. Осы уа­қытта екі жас жігіт қашып кетуге ты­рысады. Олардың біреуін Евгений тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстап тұрған. Кейін оқиға орнынан ізін жасырмақ болған 20 жастағы қала тұрғынының жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салғаны және досымен бірге оны ұрып-соққаны белгілі болды. Евгений көмек­ қолын созбаған жағдайда оның салдары қандай болары туралы болжау қиын.

– Евгений Ростовскийдің қыра­ғы­лығы мен батылдығының арқа­сында күдіктінің кім екені дер кезін­де анықталды. Әр адамның өмірі қымбат. Қоғамның әрбір мүшесі заңсыздыққа бейжай қарамауы керек, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Ербол Тайбеков.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp