2023 жылғы 1 мамыр мен 1 шілде аралығында “Еңбек жолы” байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылданады.
Конкурс “Үздік еңбек әулеті”, “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері”, “Өндірістің үздік жас қызметкері” аталымдары бойынша өтеді.
Аталған байқау жастарды еңбекке баулуды, адалдыққа тәрбиелеуді көздейді. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және “Жалпыға ортақ еңбек қоғамы” ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс мынадай екі кезең бойынша ұйымдастырылады:
1. “Еңбек жолы” конкурсы жеңімпаздарын облыстық деңгейде іріктеу.
2. “Еңбек жолы” конкурсы жеңімпаздарын республикалық деңгейде іріктеу.
Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр аталымы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.
“Үздік еңбек әулеті” аталымына қатысу үшін – ең ұзақ еңбек өтілі мен марапаттары бар отбасылар, “Өндірістің үздік жас қызметкері” аталымына еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор маман, “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері” аталымына кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді тәлімгер қатысады.
“Еңбек жолы” конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес “Еңбек жолы” облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлер туралы мәліметтерді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына (Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64) 2023 жылғы 1 шілде күніне дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет.
Еңбек әулеттерінің өкілдерін, ынталы жас қызметкерлерді, сондай-ақ олардың тәлімгерлерін конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы.