«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сексен жылдан астам тарихы бар М. Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университеті осы уа­қыт бедерінде түрлі жолдан өтті. Бі­лім ордасының қалыптасуына аға буын өкілдерінің қосқан үлесі ора­сан. Жуырда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен оқу ошағын­да қырық жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеу ісіне үлес қосқан аға буын өкілдері уни­верситеттің жаңадан салынған оқу-зертханалық корпусын аралап көрді.

Білім ордасының рек­то­ры Ер­лан Шұланов меймандарды уни­верситеттің жетістіктерімен, жаңа зертхана жұмысындағы жаңашыл­дықтармен таныстырды.

– Алдағы уақытта бұл корпусқа жаңа жиһаздар қойылады. Қыр­кү­йек айынан бірқатар сабақтар осында өткізіледі деп жоспар­ла­нуда. Биылғы оқу жылынан бастап зертханалар өз жұмысын жандан­дырмақ. Бүгінде біз ғылымды дамы­ту ісіне ерекше көңіл бөлудеміз. Осы ретте еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғаш рет біздің университетте академиялық шеберлік орталығының құрыла­тынын айтып өткеніміз жөн, – деді Ерлан Нұрлыбекұлы.

Басқосуда университеттің бас­шы­­лық құрамы ғылым және білім, ме­­дицина саласындағы бірқа­тар сұ­рақ­тар бойынша ардагер­лермен ақыл­дасып, ой-пікірлерін ортаға сал­ды.

Білім ордасындағы жаңашыл­дық­тарға қанық болған қонақтар уни­верситеттің басшылығы мен оқы­тушылар құрамының еңбектеріне жеміс тілеп, білімге құштар, ғы­лым­ға әуес жастар қатарының молая беретініне сенім білдірді.

Айнұр АЗБЕК,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp