«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының орта­лығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақса­тымен “Ssang Yong” автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкеріне көлікті басқарып келе жатқан 74 жастағы жергілікті тұрғын жақсы таныс болатын. Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгін­дегені үшін жүргізуші куәлігінен айы­рылған. Сот шешімін елемеген одан ішім­діктің иісі шығып тұрған.

Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа мас күйде көлік жүргізгендігін көрсетті. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексеру­лердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. “Қолданыстағы заңнама талабына сәйкес, мұндай мас жүргізу­шіге 5 мың айлық есептік көрсет­кішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығынан айыру жазасы көзделе­ді, сондай-ақ заң бұ­зушы өмір бойы көлік жүргізу құқы­ғынан айыры­лады. Автокөлік айып тұрағына қойылды”, – дейді Қызыл­жар ау­дандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Жыл басынан облыс жолда­рында көлік басқару құқығынан айырылса да рөлге отырған он мас жүргізуші ұс­талды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp