Ұлттық статистика бюросы облыстық департаменті тұрғындардың былтырғы шығысын зерттеп, халықтың жан басына шаққандағы айлық орташа шығысы 88,9 мың теңге болғанын анықтады.
Халықтың ай сайынғы ақшалай шығысы 2021 жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға артқан. Тұрғындар табысының негізгі бөлігін, яғни 89,5 пайызын тұтыну шығындары құрайды. Қалғанын тұрғындар материалдық көмекке, алимент, несие мен қарызды өтеуге, салықтарды төлеуге жұмсаған.
Отбасылық бюджеттің ең көп бөлігі, яғни 50,1 пайызы азық-түлік тауарларына жұмсалады. Азық-түлік емес тауарларды сатып алу – 34, қызметтер төлемақысы 15,9 пайызды құрап отыр.
Әлия АРҒЫМБАЕВА,
Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.