«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табыстың жартысы — тамаққа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық статистика бюросы об­лыстық департаменті тұрғындар­дың былтырғы шығысын зерттеп, халықтың жан басына шаққандағы айлық орташа шығысы 88,9 мың теңге болғанын анықтады.

Халықтың ай сайынғы ақшалай шығысы 2021 жылмен салыстыр­ғанда 16,1 пайызға артқан. Тұрғын­дар табысының негізгі бөлігін, яғни 89,5 пайызын тұтыну шығындары құ­рай­ды. Қалғанын тұрғындар мате­риалдық көмекке, алимент, несие мен қарызды өтеуге, салық­тарды төлеуге жұмсаған.

Отбасылық бюджеттің ең көп бөлігі, яғни 50,1 пайызы азық-түлік тауарларына жұмса­ла­ды. Азық-түлік емес тауарларды са­тып алу – 34, қызметтер тө­лемақысы 15,9 пайызды құрап отыр.

Әлия АРҒЫМБАЕВА,

Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp