«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қызыл” құжатпен жүрген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осы күнге дейін кеңес заманындағы қызыл паспортпен жүрген жеті тұрғын биыл жаңа жеке куәлікке қол жеткізді.

Елімізде 1974 жылғы үлгідегі қы­зыл түсті кеңес одағының паспорты қолданыстан алынғаны белгілі. Қазақстан аза­матының жеке басын куәландыратын құжаттар 1994 жылы ен­гізілді. Ескі паспортпен жүрген адам­дар бірқатар мемлекеттік қызметтерді ала алмайды, төлемдерді рәсімдеу кезінде кедергілерге тап болады. Де­генмен, тұрғындар арасында түрлі се­бептерге байланысты ескі төлқұжатпен жүргендер бар екен. Облыстық по­лиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары мұндай адамдарды есепке алып, оларға жаңа құжат рәсімдейді.

Жуырда Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны департамент маманда­рынан көмек сұрады. Көшіқон полицейлері оның қай елдің азаматы еке­нін анықтады.

“Қала тұрғыны үшін жеке куәлік дайындалды, енді ол біздің мемлекетіміздің барлық қызметтерін пайдала­на алады. Ескі құжаттармен жүрген солтүстікқазақстандықтарды мәселені шешуді кейінге қалдырмауға және өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз”, – дейді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp