«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қаратаудың басынан көш келеді…”

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Ұлт тарихының әр бетін парақта­ған сайын алдымыздан өткен зама­налардың жаңа дерегі шығып, сол күндердің құпиясы ашыла түседі. Мемлекетіміздің қалыптасу жолын­да мақтана айтар дәуірлеген кезеңі­міз де, қайғыра еске алар қасіретті жылдарымыз да болды. Сондай оқи­ғалардың бірі – “Ақтабан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұлама”. Ұлан-бай­тақ даламызды дертті етіп, са­намызды сансыратып кеткен қанды қырғынға 300 жыл толып отыр. Үш ғасыр өтсе де жұртымыздың жады­нан жырау­лар жырлаған жүгі жоқ тайлақ пен жі­герінен айрылған ха­лықтың бейнесі өшкен жоқ. Жуырда есімдері елімізге белгілі бірқатар зерттеушілер М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­стан университетінің қабырғасында “Ақтабан шұбырын­ды” Сібір мен Орталық Азиядағы эт­носаяси үде­ріс­тер тарихы контек­сін­де”, – деген атаумен өткізілген ха­лық­аралық кон­ференцияда бас қосты.

Шара университеттің басқарма мүшесі Ақмарал Тұрғалееваның ал­ғы сөзімен ашылып, одан әрі ғалым­дар­дың баяндамасымен жалғасты. Түркиялық ғалым Әбдіуақап Қара “Түркиялық белгілі тарихшы ғалым Зәки Уәлиди Тоғанның “Ақтабан шұ­бырынды” туралы бағалаулары” та­қырыбында баяндама жасап, 18 ға­сырдың басында Қазақ хандығының Осман империясымен байланысы болғаны жайлы тың деректермен бөлісті.

– Түрік тарихшысы Зәки Уә­ли­дидің жазуынша, 1713 жылы Қайып хан өз елшілерін Осман патшалығы­на жіберген. Осылайша олар Ресей империясына қарсы одақ құру, бірігу жөнінде келіссөздер жүргізген. Алай­да ол жақтан теріс жауап келіп, содан кейін қазақтар мен Осман патшалы­ғы арасындағы байланыс үзіледі. Одан әрі Қазақ хандығына қалмақ­тар­дың шабуылы үдеп, қиын жағдай туындайды. Бұхар ханы да 1722 жы­лы жіберген хатында орыстардың қал­мақтармен бірігіп мұсылман ха­лықтарға қысым көрсетіп жатқанын жазып, түбі бір ағайындардан көмек сұрайды. Өткенге үңілсек сол кездегі ел басшыларының өзге мемлекет­термен байланыста болғаны туралы деректер көп, – дейді ғалым.

Тарихшылардың айтуынша, 1721 жылы қалмақтың ханы Қалдан Серен бастаған қалың қол тосыннан шабуыл жасап, қазақты “Ақтабан шұ­бырынды, Алқакөл сұламаға” ұшы­ратты. Бұл ұлтымызға келген алапат апат, қанды қасірет еді. Босыған жұрт Көктөбені бетке ұстап жосыды. Оларға шілденің ми қай­натар ыстығы да ауыр тиді. Бір жағынан жау, бір жағынан ыстық, оған шөл мен аштық қосылып, мил­лиондаған қазақ қырылды. Ебіл-тебіл болып, Ұлытауға жеткендері аман қалды. Бұл қырғын адам айт­қысыз ауыр қасірет әкелумен бірге ұлттың санасын сапырып, намысын оятып, жігерін шыңдады. Бұл жаудан о дүниелік болған бауырларының кегін алуға, бөлек-бөлек болып кө­шіп-қонып жүрген қазақтарды бірігу­ге жұмылдырды. Ұлы жүздің биі Төле, Орта жүздің биі Қаз дауысты Қа­зыбек, Кіші жүздің биі Әйтеке жаудан кек алудың, ұлтты сақтап қалудың басты шарты – Үш жүз бірігу керек деген шешімге келіп, Ұлытауға, Арғанаты бауырындағы “Балбұлақ­қа” Үш жүзді жинап, ел тағдырын ше­шетін, жаудың жолын кесетін алқалы жиын өткізіп, елдік пен бірлік, ерлік туы көтеріліп, Үш жүз бір тудың ас­тына топтасып, үлкен күшке айнал­ды. Шара барысында сөз сөйлеген ғалымдар жиналғандарды осы және өзге де деректерге қанықтырды.

Одан әрі түркиялық тарихшы Орхан Сөйлемез аталған тарихи ке­зеңнің кеңес ғалымдарының еңбек­те­рінде қалай зерттелгеніне тоқта­лып, сөзін кеңес дәуірінде “Ақтабан шұбырынды” қасіретіне мән беріл­мей, жеткіліксіз зерттелді деп аяқта­ды. Бұдан кейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Дүйсенәлі Әбділәшім Абылай ханның әулеті мен ұрпақтары жайлы ізденістерімен бөліссе, “Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәде­ние­ті” университетінің ғылыми қызметкері Қайрат Сәки Абылай хан мен қазақ даласын қиын кезеңде қорға­ған Жауғаш батыр жайлы тың дерек­терді ортаға салды. М.Қозыбаев атын­дағы СҚУ-дың ғалымдары Ана­толий Плешаков, Зылиха Бимақано­ва, “Асыл мұра” орталығының мү­шесі Сағындық Салмурзин де баян­дама жасап “Ақтабан шұбырынды­ның” ұлт тарихындағы өшпес кезең еке­нін баса айтты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp