Петропавлда мамырдың 1-нен бастап №22 бағыт бойынша қатынайтын автобус өз жұмысын тоқтатады. Ал №24 және №27 автобустардың жүру бағытты өзгертіледі.
Мұндай шешім тұрғындар арасында аталмыш бағыттардағы қоғамдық көліктерге деген сұраныстың төмен болуына байланысты қабылданды. №27 автобус “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамына дейін қатынайтын болады. №24 бағыттағы автобус жолаушыларды көтерме сауда орталығының жанына дейін жеткізеді.
Эльмира СЫЗДЫҚОВА,
Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.