«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәмі тіл үйірер тағамдар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл жоғары құрылыс-эко­номикалық колледжінде өткен ше­бер­лік сағаты “Шекарасыз ас үй” деп аталды. Шараны Қазақ­стан халқы об­лыстық ассамблеясының маманда­ры ұйым­дастырды.

Студенттер 5 түрлі ұлттың таға­мын дайындап, өз шеберліктерін көр­сетті. Меймандар көпшілік біле бермейтін тамақ түрлерінің жасалу жолдарымен танысты.

Шеберлік сағатына қатысушы­лар ең алдымен, дастарқан жаюдың ерекшеліктеріне, қазақ, орыс, бела­русь, неміс және армян халықтары­ның ұлт­тық тағамдарының әзірлену тәсілде­ріне қанық болды. Кейін бо­ла­шақ тех­нологтар бір сағаттың ішінде дәмі тіл үйіретін тағам да­йындады.

– Біз қазақ халқының дастар­қа­нынан үзілмейтін тағамдарды әзірлеу­ге баса мән бердік. Оларды Қазақ­станда тұрып жатқан өзге эт­нос өкіл­дері де жиі тұтынады. Бұл тамақтардың дайындалу жолдары өте оңай. Ағзаны қажетті дәрумен­дермен байытады. 1 мамыр – Қа­зақстан хал­қының бірлігі күніне орай­ластырыл­ған бұл шара тілі бас­қа болса да тілегі бір этностарды жа­қындастыра түсті, – дейді “Қоғамдық келісім” комму­налдық мемлекеттік мекемесінің бөлім жетекшісі Анар Қаршалова.

Колледжде технолог мамандығын­­­­­­­­да оқып жатқан 3-ші курс сту­денті Елизавета Яминская орыс ұлты­ның “Бұқ­­­тырылған ет” тағамын әзірледі. Ас үй­­д­е­ түрлі этностың ұлт­тық та­ма­ғын пісі­руге әбден машықтанған оның бұл өне­рін қазылар алқасы жоғары бағалады.

Шеберлік сағатына жо­ғары құрылыс-экономикалық кол­лед­жінің 10 студенті қатысты. Әр тағамды 2 адам бірлесе дайындады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp