«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ажалдан арашалап қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев аудан­дық пробация қызметінің ма­маны Ғалымжан Байбусин мемлекеттік награда­мен марапатталды. Оған Мем­лекет басшысының Жарлы­ғы­мен “Ер­лігі үшін” медалі та­бысталды.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, әділет аға лей­тенанты күнделікті профилак­ти­ка­лық әңгіме жүргізу үшін шарт­ты түрде сот­талғандардың біріне хабарласқан. Алайда ер адам телефон қоңы­рауына жауап бер­мепті. Оның жүрген жерін біліп отыру үшін тағылған электронды құрал да қуатының бі­туіне байла­нысты ешқандай ақпа­рат­ты көрсет­пеген.

Ғалымжан Байбусин учаскелік полиция инспекторымен бірге мән-жайды анықтау үшін үйіне іздеп барады. Алайда үй­дің есігі ішінен құлыптаулы болған.

“Терезеден үйдің ішінде әлдененің өрте­ніп жатқанын көрдік. Өрт шыққанын түсініп, бірден әйнекті сындырып, үйге кірдік. Үй иесін төсекте ес-түссіз жатқан күйінде таптық. “Жедел жәрдем” ша­қырып, дереу алғашқы меди­циналық көмек көрсеттік. Кейін ол Булаево қаласындағы орталық ау­дандық ауруханаға жеткізілді”, – дей­ді Ғалымжан Байбусин.

Кейін белгілі болғандай, ер адам ұйық­тар алдында темекі тұқы­лын пешке тастай салған. Пеш­тің отын мен қағазға толып тұрға­нын ұмытып кетіпті. Сөнбеген те­ме­кі тұқылынан пеш тұтанып, түтін ішке тараған.

Әділет аға лейтенанты Ғалымжан Байбусиннің қырағылығының және уақтылы көрсетілген алғаш­қы медициналық көмектің арқас­ында жазасын өтеуші тірі қалды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp