“Сапсан” жедел тобы мен облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Аққайың ауданындағы Шағалатеңіз көлінің жағасында жабайы қаздарды рұқсат құжаттарынсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының төрт тұрғынын ұстады. Заңды бұзғандардың қатарында полиция қызметкері де бар.
Олардан заңсыз атылған 31 жабайы қаз, 2 моторлы қайық пен 12 калибрлі, тегіс ұңғылы 3 мылтық тәркіленді. Алдын ала есептеу бойынша жабайы қаздары заңсыз атудан мемлекетке келтірілген залал – 800 мың теңге.
Оқиға орнына Аққайың аудандық полиция бөлімінің жеделтергеу тобы шақырылған. Заңсыз аң аулау фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Әсет ҚАНАФИН.