«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаз атқан тәртіп сақшылары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Сапсан” жедел тобы мен облыс­тық аумақтық инспекциясының қыз­меткерлері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Ақ­қайың ауданындағы Шағалатеңіз кө­лінің жағасында жабайы қаздарды рұқ­сат құжаттарынсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының төрт тұрғынын ұстады. Заңды бұзғандардың қатарында полиция қызметкері де бар.

Олардан заңсыз атылған 31 жабайы қаз, 2 моторлы қайық пен 12 ка­либрлі, тегіс ұңғылы 3 мылтық тәр­кіленді. Алдын ала есептеу бойынша жабайы қаздары заңсыз атудан мемлекетке келтірілген залал – 800 мың теңге.

Оқиға орнына Аққайың аудандық полиция бөлімінің жеделтергеу тобы шақырылған. Заңсыз аң аулау фак­тісіне қатысты сотқа дейінгі тер­геп-тексеру басталды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp