«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ЖАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықаралық медбикелер күніне орай Петропавл қалалық №2 емханасында мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні денсаулық сақтау саласында 40 жылға жуық еңбек еткен ардагер медбикелер мен үздік қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Жүгі ауыр салада қалтқысыз қыз­мет етіп, мейірімділіктің симво­лына айналып үлгерген медбике­лер қандай сый-құрметке де ла­йық. Себебі әрбір жанға меди­цина­лық көмек көрсетуде дәрігермен қатар медбикенің атқарар рөлі зор. Ха­лықаралық медбикелер күні осы­дан 150 жыл бұрын Англияда атап өтілген. Мереке медбике Флоренс Найтингейлдің есімімен тығыз байланысты.

Петропавл қаласының тұрғы­ны Ләйла Өтегенова медбике бо­лып 30 жылдан артық жұмыс істеп келе­ді. Бүгін мерекелік іс-шарада тәжі­ри­белі маманның еңбегі еленіп, Алғыс хатқа ие болды.

– Мен мамандығым бойынша фельдшермін. 1992 жылы Петро­павл медициналық колледжін та­мамдаған соң, жолдама бойынша Жамбыл ауданындағы Ольговка ауылына жұмысқа орналастым. 2013 жылға дейін ауылда фельд­шер болып жұмыс істедім. 2015 жылдан бастап қалалық емханада еңбек етіп жатырмын. Біздің жұ­мыста ең бастысы – шыдамдылық пен төзімділік. Дәрігердің нұсқауын жауапкершілікпен орындап, сыр­қат­тарға мейіріммен қарау қажет, – дейді Ләйла Өтегенова.

Медбикелер дертіне дауа ізде­ген жанға жылы сөзімен-ақ дем беріп, тезірек аяққа тұруына жағ­дай жасайды. Өз қызметіне адал жандардың бірі – Ирина Ба­бинова. Әріптестеріне үлгі көрсетіп, білікті маман атанған ол да көптің алғы­сына бөленіп жүр.

– Өмір бойы педиатрия сала­сында қызмет етіп келемін. 20 жыл­дан астам уақыт темір жол ауру­ха­насының балалар бөлімшесінде, кейін емханада жұмыс істедім. Жас аналарға балаларды тамақтанды­ру, дұрыс күтім жасау және сәбидің дамуына қатысты кеңес беремін. Жұмысым өзіме ұнайды. Еңбегім ескерусіз емес, бастысы – таңда­ған мамандығыңды жақсы көруің керек, – дейді тәжірибелі мед­бике Ирина Бабинова.

Іс-шара мерекеге орай ұйым­дастырылған “Талантты медбике – барлық қырынан талантты” атты байқауға ұласты.

Жайна ШЕРНИЯЗОВА.

СУРЕТТЕ: №2 емхананың директоры Ж.Әбілев ардагер мед­бике С.Қалиеваны марапат­тауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp