«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салық төлеуден жалтарғандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көлік салығын төлеу мерзімінің аяқталғанына бір айдан асты. Соның өзінде 15 мыңнан астам солтүстік­қазақстандық тиісті төлем жасама­ған. Қарыз көлемі – 411 млн теңге. Осы ретте облыстық мемлекеттік кі­рістер департаменті сот орындау­шылары арқылы мәжбүрлеп өндіріп алуды жоспарлап отыр.

– 26-шы мамырдан бастап берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын борышкерлердің тізімдері сот орындау­шыларына мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін жіберіледі. Өз кезегінде сот қызметкерлері салық төлеушінің мүлкіне тыйым салады, банк шотта­ры бойынша шығыс операцияларын тоқтатады, – деді облыстық мемле­кеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Сұңғат Қоспаев.

Заңға сәйкес, сот орындаушы­ла­ры банктегі есепшот пен мүлікті бұ­ғаттауға құқылы. Тұрғынның қарызы 40 АЕК, яғни 138 мың теңгеден, елден шығуына тыйым салынады. Борыш­кер берешегін төлегеннен кейін сот орындаушысына атқарған қызметі үшін өндіріліп алынған соманың 25 пайы­зына дейінгі көлемде ақы төлейді.

Облыс бойынша көлігі бар 90 мыңнан астам салық төлеуші тіркел­ген. Бүгінгі күнге дейін оның тек 6 мыңы ғана 106 млн. теңгеге жуық кө­лік салығын төлеген. Қарыз өтелме­се күн сайын өсімпұл қосылып оты­рады. Қазір қарызы бар тұрғындардың 26 мамырға дейін уақыты бар. Әйтпесе, салық материалдары сот орындаушыларына жіберіледі.

Самал ЖҮНІСОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp