«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫЛАУ БОЛМАСА, САПА АҚСАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол саласы – еліміздегі өзек­ті тақырыптардың бірі. Жөндеу көр­меген жолдар­дың азабын жолау­шылар тартады. Соңғы жылдары осы мәселенің түйіні тарқатыла бастағандай. Мем­лекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп жатыр. Бұ­ның барлығы – халықтың әлеуетін жақсарту үшін жасалып жатқан шара. Десек те жөн­делген, жаңадан салынған жолдар­дың сапасы сын көтермей жататы­ны шындық. Оның алдын алу үшін жол құрылысының техникалық ахуалын қадағалайтын бірнеше ұйым жұмыс істейді. Со­лардың бірі – “Жол активтері са­пасының ұлттық орталығы” РМК-сы. Кәсіпорын қыз­меті автомобиль жол­дарын салу, қал­пына келтіру, жөн­деу және күтіп ұстау кезіндегі жұ­мыстар мен ма­териалдардың са­пасына сараптама жасау, сон­дай-ақ жол активтерін басқару бо­лып табылады. Рес­публикалық кә­сіп­орынның әр об­лыс­та филиалы бар.

Құрылыс жұмыстарының бары­сын қадағалайтын техникалық қа­да­ғалау қызметінің жұмысы ау­қымды және жауапты. Тиянақты бақылау жүргізу – пайдаланылуға берілетін объекті­лер­дің нормативті және жобалық талаптарға сәйкес болуына, құры­лыс ұзақтығын қыс­қартуға, пайда­лану шығындарын азайтуға мүм­кіндік береді.

Шарттың талаптары бойынша бақылаушы-сарапшының міндет­тері – барлық талап етілетін құжат­тардың болуы және олардың нор­мативтерге сәйкестігі тұрғысынан жобалық құжаттаманы тексеру, құ­рылыс жұмыстары кестесінің сақта­луын қадағалау, қолданылатын материалдардың сапасын бақылау, олардың сәйкестігін бағалау. Сон­дай-ақ сертификаттарды, сынақ хат­тамаларын және басқа да құжатта­ма­ларды тексеру, жұмыстың жоба­лық шешімдерге сәйкес орында­луын қамтамасыз ету және қолда­ныстағы нормативтік-техникалық құ­жаттамаға сәйкестігін растау, мате­риалдарды сақтау ережелерін ба­қылау, кемшіліктерді жедел анық­тауды және жоюды қам­тамасыз ету; құрылыстың же­келеген кезеңде­рінде тиісті акті­лерге қол қою ар­қылы жүргізілген жұмыстарды қа­был­дауды жүзеге асыру, жобада белгіленген құры­лыс-монтаж жұ­мыс­тарының көле­мінің сақталуын қамтамасыз ету, ат­қару құжатта­масының дұрыстығын бақылау және тағы басқалары.

Техникалық қадағалау қызметі өкілдерінің жоғарыда аталған нор­малар мен ережелерді сақтауы объектіні сапалы және бел­гіленген мерзімде пайдалануға бе­руді қам­тамасыз етеді.

Өкінішке қарай, мердігердің құзыреттілігі мен адалдығын ал­дын ала бағалап алу мүмкіндігі бо­ла бермейді. Тапсырыс алған орын­даушылардың қайсыбірі жобада белгіленген талаптарды сақтамай, дұрыс технология қолданбай, инже­нерлік шешімдерді дұрыс оңтай­ландырмай сапасыз жұмыс атқа­рады. Жауапсыз мердігерлердің құ­рылысқа арзан материалдар сатып алуы да жиі орын алады. Мерді­гер нысанды пайдалануға беру мерзі­мін бұзып, артық шығынға батып жатады. Салын­ған жолдардың бір­неше жылға шы­дас беруі құрылыс материалының сапасына, бұйым­дар мен конструк­цияға байланысты екені сөзсіз. Құрылыс-монтаж жұ­мыстарының сапасын жоғарылату үшін жол құрылысы мен қондыр­ғы­ларының технологиясын жетілдіру үшін үнемі жұмыс істеу керек.

Облыстық, аудандық маңызы бар автожолдар және елді мекен­дердің көшелерін қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу ке­зінде 4-5 нысанға бір ғана сарапшы тартылады. Осыдан техникалық қадағалау мүмкіндігі төмендеп, кем-кетіктерге жол беріліп, мердігер ұйымдар жобалау-сметалық және нормативтік-техникалық құжаттама­дан ауытқуына және жалпы жұмыс сапасына кері әсер етеді.

Құрылыс ұйымдарында жиі кез­десетін проблеманы атап өтер болсақ, ұйымдардың басшылығы (иелері, акционерлері) құрылыс-монтаж жұмыстарына және жол құ­рылысы материалдарын бақылауға қажетті жабдықтар мен өлшеу құ­ралдарын сатып алуға жеткілікті кө­лемде қаражат бөлгілері келмейді. Көбінесе сапа инженері (егер ол штатта болса) өзінің тікелей міндет­теріне кірмейтін жұмысты орын­дайды және инженерлік-техникалық көмекке – актілерді ресімдеу, жұ­мыстың өндірісін жобалау, техноло­гиялық карталарды әзірлеу, геоде­зиялық схемаларды ресімдеуге тартылады. Ал кейде сол бір маман тех­никалық қауіпсіздік қызметі ин­же­нерінің жұмысын да қоса атқаруы мүмкін. Бұл мәселені ұйым бас­шы­сының құрылыс-монтаж жұмыста­рына жауапкершілікпен қарауы ар­қылы ғана шешуге болады. Ұйымда ішкі бақылау болмаса, жұмыс сапасы төмендейді.

Келесі мәселе – құрылыс ұйы­мының құрамы, мысалы, шеберлер­дің, прорабтардың құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша тиісті деңгей­де даярланбауы. Сонымен қатар бұл санаттағы жұмысшылар көп жағ­дайда құрылысқа қатысы жоқ ме­неджерлерге тәуелді. Ал оларға жұ­мыстың уақытында орындалғаны, материалдың аз шығындалғаны ғана қажет. Яғни менеджерлер­дің сапасыз жұмысы құрылыстың барлық салаларына әсер етеді. Ең алдымен жұмыс сапасы төмен­дейді, кадрлар жиі ауысады және жалпы құрылыс саласы туралы қате түсінік қалыптасады. Осындай ке­леңсіздіктерден тапсырыс беруші­нің мердігерге деген сенімі азаяды.

Сапаны жақсарту үшін сапа инженерлерінің штатын ұлғайту не­месе құру керек. Әрине, ұйым бас­шыларына олардың қажеттілігін тү­сіндіру және сол штат инженерле­рі­нің біліктілігін арттыру, жұмыста­ры­на қатысты дұрыс қызметтік нұс­қау­лықтар беру керек. Ол нұсқау­лыққа сәйкес жұмыс уақытының кем де­генде 70 пайызын жұмыс сапасын тексеруге, өлшеу құралдары мен сы­нақ жабдықтарының қажетті тізбесі­мен айналысуға жұмсау қа­жет. Өйткені тапсырыс берушінің, тех­­никалық қадағалаудың, мерді­гер­лік ұйымның сапа жөніндегі ин­женері­нің басты мақсаты – сапалы құрылыс.

Өткен жылдың соңында авто­мобиль жолдары туралы заңна­маға өзгерістер енгізілуіне байла­нысты орталық автомобиль жол­дарын, оның ішінде елді мекендер мен жалпы қалалардың көшелерін орташа жөндеуге арналған техни­калық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізіледі.

Ведомстволық сараптама жүр­гізу рәсімі мен тәртібін оңтайлан­дыру мақсатында бір терезе қағи­даты бойынша техникалық құжат­тарды қабылдау порталы ашылды. Ор­талықтың солтүстікқазақстандық филиалы былтыр 33 техникалық құжатты қарады, соның ішінде 31 орташа жөндеу жобасына оң қо­рытынды берілді, 2 жоба бойынша көрсетілген олқылықтар 45 күннің ішінде жойылмауына байланысты қорытынды құжат беруден бас тартылды.

Үстіміздегі жылдың басынан порталға 38 өтінім келіп түсті. Олардың 21-не оң қорытынды бе­рілді, тоғызы қаралып жатыр, же­теуін тапсырыс берушілер пысықтауда, біреуі ескертулерді уақытын­да жоймағандықтан қабылданбады.

Ведомство­лық сараптама бо­йынша ережеге сәйкес ескерту­лерді жоюға бес жұмыс күні бері­леді. Филиалда жо­баны бастапқы қарау қорытындысы бойынша тех­никалық құжаттама сәйкессіздігі анықталған кезде ес­кертулерді түзету бойынша пысық­тауға қай­тарылады. Алайда ескер­тулерді жою мерзімдері негізсіз 1-2 айдан астам мерзімге созылады. Мысалы, Тимирязев ауданы бойын­ша төрт жобаның екеуінде ескертулерді жою мерзімі екі айдан асты. Екі жоба жуырда ғана оң қорытынды алды. Сонымен қатар жобаларды ұсынған кезде жүргізілген соңғы жөн­деулер туралы ақпарат көрсетіл­мейді, кейбір аудандық бөлімдерде жүргі­зілген соңғы жөндеулер тура­лы, жолдың техникалық санаты және жа­бын түрі туралы ақпарат болмайды. Бұның барлығы – жауапты мамандардың жетіс­пеушілігінің салдары.

Көптеген аудандарда аудандық жолдардың тізбесін бекіту туралы қаулы 10-15 жыл бойы жаңартыл­маған, ондай проблема жолдардың ұзындығы, санаты, жабындардың атауы және көпірлер мен су өткізгіш құбырларға да қатысты. Кейбір ау­дандарда берілген тізім шындыққа сәйкес келмейді, яғни әр 2-3 жыл сайын аудандық тұрғын үй-комму­­налдық шаруашылығы бөлімдері атынан жергілікті атқарушы орган­ның тізбесі бойынша ақпарат жа­ңар­тылып отырылуы тиіс. Сондай-ақ техникалық құжаттаманы жо­ба­лауды және техникалық тапсырма­ны жобалар­ды әзірлеуші емес, тап­сырыс беру­ші жасауы керек екенін ескертеміз.

Дұрыс жобалық шешімдер қабылдау және ақаулар көрсетілген ведомсті бірлесіп жасау тапсырыс берушіден шығуы керек, сонда ғана жобаға қатысты дөрекі ескертулер болмайды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта көшелерге ведомстволық сарапта­ма жұмыстары басталып жатыр. Осы­­ған байланысты барлық көше ба­лансын ұстаушыларға айтарым, көшелердің ұзындығы мен жабыны туралы ақпараты бар көшелердің тіз­бесін жасаңыздар немесе олар­ды бекіту туралы қаулы шығары­ңыздар.

Жолдыбай ТЕНТЕКОВ,

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp