«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“AMANAT” партиясының орталық аппаратында өткен жиында облыс бойынша сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың Жол карталарының жобаларын тыңдау өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода, облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов қатысты.

Жиын барысында “AMANAT” партиясы өңірлік филиалының төрайымы Әсем Рахметова жүзеге асырылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

–⠀Партия сайлауалды бағдарламаны толық орындау үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынына сенімдіміз. Сайлаушылардың және жалпы қоғамның үмітін ақтау жолында табандылықпен жұмыс істеу – бәріміз үшін басты міндет. Ел азаматтарының өмір сүруін одан әрі жақсартудың барлық мүмкіндіктері қарастырылады деген үміттеміз, – деді ол.

Солтүстікқазақстандықтар сайлау кезінде өз мойнына алған жауапкершілікті терең түсіне отырып, қабылдаған міндеттемелерді талапқа сай орындаудың кешенді тетіктерін белгілеген болатын. Бес жылдық кезеңдегі жоспарды жүзеге асыру басты талап болып табылады. Осы уақыт аралығында кемінде 30 мың жұмыс орнын құру, 51 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 7 мектеп, 46 денсаулық сақтау нысанын салу белгіленген.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp