«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тартысты матч

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің 10-шы тур ойынын “Қызылжар” клубы сырт алаңда өткізді. Бұл жолы жер­лестерімізге “Астана” командасы қарсылас атанды.

Ойын тізгінін астаналықтар ал­ғанымен, жерлестеріміз қар­сы шабуылдар ұйымдастырды. Бірінші болып есепті “Астана” аяқдопшылары ашты. Алғашқы гол­дың авторы – Вараздат Ароян. Кейін алаң иелері нәтижені еселеді. Бұл голды Абат Айымбетов соқты.

Ойынның екінші бөлігінде жер­лес­теріміз есеп айырмасын қысқарт­ты. Қызылжарлықтар сапынан бра­­зилиялық Пернамбуко көзге түсті. Солтүстікқазақстандықтар таразы басын теңестіруге тырысып, нәти­же­сінде “Астана” қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленді. Нүк­теге келген Иван Граф мүлт кетпеді. Дегенмен елордалықтар жеңісті жұлып әкетті, нақтырақ 97-ші минутта Эльхан Астанов есепті 3:2 қылды.

Саламат СЕРІКХАН,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 3-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp