«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жатақхана құрылысы жоспарланған мерзімнен кешігуі мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілеріне арналған жатақхана құрылысы былтыр желтоқсан айында пай­далануға берілуі тиіс еді. Алайда оның салыну мерзімі жоспарланған кестеден қалып отыр.

“AMANAT” партиясы облыстық фи­лиалы партиялық бақылау ко­мис­­сиясының мониторингтік тобы жа­тақхана құрылысын бақылауды қолға алған. Олар осыдан он күн бұрын нысанға барып, мәселенің мән-жайына қанықты. Құрылыс қар­қынының бәсеңдеуіне жұмысшы­лар­дың жетіспеушілігі себеп бо­луда.

Партиялық бақылау комис­сиясы анықталған кемшіліктерді тапсырыс берушіге, облыстық құры­лыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жеткізді. Арада он күн уақыт өткеннен кейін монито­рингтік топ өкілдері құрылыс ала­ңына қайта барып, орындалған жұмыс көлемінде өзгерістер бар екенін көрді.

“Қазіргі уақытта нысанның қас­бет­ін қаптау және дәнекерлеу жұ­мыста­ры­мен айналысатын 18 адам бар. Мердігер ұйымның өкілі жақын арада құрылыс қарқыны артады деп сендірді. Осы аптаның соңында едендерді құю жұмыстары баста­лады, содан кейін жұмысшылар толық құрамда ғимаратты безен­діруге кіріседі”, – деді партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Александр Зель.

Талапқа сәйкес құрылыс жұмы­сы­мен 44 адам айналысуы керек. Бұл мәселені партиялықтар мерді­гер­ ұйым – астаналық “Internatio­nal Construction Group” жауапкерші­лігі шектеулі серіктестігінің өкілдеріне бір­неше мәрте ескерткен болатын. Жоспарға сәйкес жатақхана осы жылдың қыркүйегіне дейін толық дайын болуы керек.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp