«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кемелер әлеміне саяхат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері му­зейінде Юрий Романовтың “Бегущий по волнам” кеме модельде­рінің көрмесі ашылды. Көрмеде ұсынылған 18 модельді кемелердің авторы Юрий Владимирович мек­теп жасынан бастап жас техниктер станциясында оқыған. Кемелерді модельдеуге деген қызығу­шылығын оятқан мұғалімі Юрий Пашковты құрметпен еске алады. Бір кездегі балалық қызығушылығы бүгін сүйікті ісіне айналған.

– Кеме модельдерін жасау – өте ежелгі өнер. Соңғы мәлі­меттер бойынша кемелер тоғыз мың жыл бойы теңіздер мен мұ­хит­тарда жүзіп келеді. Мыңдаған жыл­дар бойы теңіз флоты жетілді­ріліп, жаңа үлгілерді жасауға шабыт­тан­­дырды, – дейді Юрий Ро­манов.

Автор жасаған кемелердің бір ерекшелігі – олар суда жүзе алады және радио байланыс арқылы басқарылады. Сондық­тан жарыстарға қатыса алады. 2010 жылы Юрий Романов Өске­мендегі кеме жасаушылар көрмесі­не, кейін Астана қаласында өткен осындай шараға қатысқан. Жалпы кеме модельдеу кәсіби спорт түрі ретінде дамыған және өте танымал.

Бала­ларды қорғау күніне орай ашылған көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

Нұрай ЕСІЛБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp