Облыстық прокуратурада мемлекеттік және өкілетті органдардың алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмысы баяндалды. Қазіргі уақытта 8 мыңнан астам бала алимент алады.
2021 жылдан бастап облыстық прокуратураның үйлестіруімен өкілетті органдар алимент бойынша жалпы борышты – 1,1 млрд. теңгеден 175,4 млн. теңгеге дейін азайтты.
Қадағалау органының өкілдері балалардың құқықтарын кемсітуге болмайтындығын және оларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу ата-аналардың міндеті екенін еске салды. Сонымен қатар мемлекеттік органдар борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін барлық шараларды қабылдауы керек.
Балаларына алимент төлемейтіндерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тек үстіміздегі жылы 56 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның отыз бірі қамауға алынып, 25-іне әкімшілік айыппұл салынды. Қасақана алимент төлемей жүрген төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ақбота Қабдұлмәжіт,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.