«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкер шығынды өтейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемде Аққайың ауданын­дағы Тереңкөлде балық қырылған болатын. Мамандар мән-жайды анықтау үшін балықтың өлек­сесі мен су сынамасын алған. Жүргі­зілген сараптамаға сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы балықтың неден қырылғанын анықтады.

Облыстық экология департа­менті баспасөз қызметінің хабар­лауынша, Тереңкөл көлінің таяз учаскелері түбіне дейін қатып, со­ның салдарынан балық қырылып қалған. Қыста су айдындарының қату тереңдігі 1,0-1,5 метрге жетіпті.

Осы ретте мамандар көлді жал­ға алушыға су айдынының гидрохи­миялық режімін жақсарту үшін тұ­рақты мониторинг жүргізу, артық өсімдіктерді шабу және аэрация жүр­гізу бойынша мелиоративтік жұ­мыс­тар жүргізуді ұсынды. Егер мелио­рация жүргізу мүмкін бол­маса, салалық министрліктің тиісті бұйрығымен бекітілген мелиора­циялық ба­лық аулауды жүргізу қа­жет еді. Тиісті жұмыстарды уақтылы орындамаған кәсіпкердің айыбы айқын. Сон­дықтан ол жануарлар дү­ниесін қор­ғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзу салдары­нан келген шығынды өтеуі тиіс.

Жеңіс ЕРЕЖЕП,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp