«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғасырлық тарихы бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы “Явленка” метеостансасы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тізіміне енді.

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының директоры Қымбат Мерға­лимованың айтуынша, көпжылдық ме­теорологиялық бақылаулар – қазіргі және болашақ ұрпақтардың ұзақмер­зімді, жоғары сапалы климаттық жаз­балардағы қажеттіліктеріне қызмет ететін адамзаттың таптырмас мәдени және ғылыми мұрасының бір бөлігі.

Былтыр “Қазгидромет” кәсіпорны өзінің ғасырлық мерейтойын атап өт­кен болатын. Бірақ еліміздің аума­ғында ауа райын үздіксіз және сапалы бақылау әлдеқайда ерте басталған. 2017 және 2020 жылдар аралығында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның атқарушы кеңесі ғасырлық тари­хы бар бақылау станцияларының дү­ниежүзілік тізіміне Қазақстанның 14 метеостансасын енгізді, олар – “Ақ­көл”, “Арал теңізі”, “Атбасар”, “Ырғыз”, “Қазалы”, “Михайловка”, “Түркістан”, “Форт-Шевченко”, “Мерке”, “Көкше­тау”, “Ақтөбе”, “Торғай”, “Семиярка” және “Жаркент”.

Қазақстанда 100 жылдан астам уа­қыт жұмыс істеп келе жатқан 35 шақты метеорологиялық станса бар.

“2023 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым бұл тізімге Қазақстанның тағы 7 ме­тео­стан­сасын және гидропостын ен­гіз­ді, олар – “Т.Рысқұлов ауылы”, “Есік”, “Павлодар”, “Тараз”, “Явленка”, “Форт-Шевченко” және “Көшім” гид­ропосты. Қазақстанның барлық метео­стансалары кезең-кезеңімен қо­сылады”, – дейді Қымбат Мерға­лимова.

Тізімге биыл қосылған “Явленка” метеостансасы 1902 жылы ашылған. 1933 жылға дейін метеостанса “Пет­ропавл ауыл шаруашылығы техникумы деп аталды, ал 1933 жылдан бастап атауы “Явленка” деп өзгертілді. Стансадағы фенологиялық бақылаулар 1937 жылдан бастап жүргізіле бас­тады, мұнда 1938 жылы топырақ ыл­ғалдылығын аспаптық өлшеу басталды.

Бүгінгі таңда метеорологиялық алаң Покровка ауылының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp