«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зілдің сүйегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлке­­тану музейіне бас сұққан мей­мандар палеонтология залын­да тұрған зілдің (мамонт) сүйектеріне таңданыспен қа­райды. Олар 1926 жылы та­былған.

– 1926 жылғы 15-қыркүйекте Көкшетау маңындағы “Степняк” ал­тын кенішінен зілдің сүйегі табы­лып, мұражайға жеткізілген. Оған қоса археологиялық жағынан құн­ды басқа да заттар әкелінген. Оларды қазу және жеткізу ақысы төленген. Мамонттың сүйегін тап­қан Көкшетау оязының Капитанов­ка ауылының мұжығы екені көрсе­тілген, – деп жазады М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры Зарқын Тайшыбай өзінің “Өлке­тану ісінің қалыптасуы” атты ғылы­ми еңбегінде.

Зіл – Еуразия мен Солтүстік Америкада плейстоценнің екінші жартысында өмір сүрген пілдің бір түрі. Оның бойы 5,5 метрді, салма­ғы 12 тоннаны құраған. Тістерінің (модификацияланған алдыңғы жо­ғарғы азу тістері) ұзындығы 4-4,5 метрге жеткен. Зілдер ұзын тұмсығы ар­қылы суды сорып, оның көмегімен өздеріне қажетті зат­тарды ұстай алған. Қылшықты те­рілері мен оның астында орналас­қан қалың қабат зілдерді суық пен ыстықтан қорғайтын болған.

“Музейдің палеонтология за­лынан көптеген құнды жәдігерлерді кездестіруге болады. Мен зілдің сүйектеріне таңданыспен қара­дым. Мұражай қызметкері оның Көкшетау өңірінен табылғанын айтты. Бұл дерекке қарап еліміздің солтүстігінде кезінде неше түрлі жануардың тіршілік еткенін аңғаруға болатындай. Алдағы уақытта ғалымдар осы мә­селені зерттесе деген тілегім бар”, – дейді Петропавл қаласының тұр­ғыны Мәруар Қасымова.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp